Теннис • 25 Ақпан, 2020

Еліміздің және өзінің рекордын жаңартты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Халықаралық ерлер және әйелдер теннис қауымдастығы спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Соңғы жарыстарында сәтті өнер көрсетіп жүрген екі бірдей отандасымыз ел және жеке рекордын жаңартты.

Еліміздің және өзінің рекордын жаңартты

Өткен жексенбіде Дубайда өт­кен турнир­дің финалында сүрінген Қазақ­станның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4 саты жоғарылап, 21-орыннан 17-орынға тұрақтады. Осылайша Рыбакина әлемдік рейтингте өзінің және Қазақстанның рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд та дәл осы теннисшімізге тиесілі болатын (21-орын). Сондай-ақ қазақстандық теннисшілерден Ю.Путинцева 32-орнын сақтап қалса, З.Диас екі орын жоғарылап, 61- сатыға жайғасты.

Ерлер арасындағы рейтингте еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик өткен аптада Франциядағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, рейтингтегі жағдайын біршама жақсартып алды. Бірден 8 орынға жоғарылаған Бублик 47-сатыға тұрақтап, өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін ол 55-орында болатын. Қазақстан­ның экс-бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 20 орын төмен сырғып, 89-сатыға, Дмитрий Попко 167-орынға тұрақтады.