Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Түркістан: 154 шаруа қожалығы екі рет өнім алуды жоспарлап отыр

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының таулы аймағындағы Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістіктен екі рет өнім жиып алуды көздеп отыр. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шықан болатын. Биыл қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан.

Түркістан: 154 шаруа қожалығы екі рет өнім алуды жоспарлап отыр

Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 154 шаруашылықтың тізімі жасалынып, жалпы көлемі 265,33 гектарға қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп көкөністері отырғызылған. Аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің мамандары бірінші өнім 1721,3 тонна, ал 2-ші өнім көлемі 4358,0 тоннаға жуықтайтынын айтып отыр. Жалпы Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асырылуда.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тиісті дербес бөлімдері мен кент, ауылдық округ мамандары тарапынан өз кәсібін ашуға қызығушылық білдірген тұрғындарға жан-жақты қолдаулар күшейтілген. Сонымен қатар суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында да жүйелі шаралар іске асуда.