15 Тамыз, 2013

Сенаторлар сапары

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты­­ның депутаттары Нұрлан Сүлейменов пен Ләззат Тұрлашов Алматы облысындағы Сарқант ауданы мәс­лихатының депу­­­­таттарымен кездесті.

 

Парламент Сенаты­­ның депутаттары Нұрлан Сүлейменов пен Ләззат Тұрлашов Алматы облысындағы Сарқант ауданы мәс­лихатының депу­­­­таттарымен кездесті.

Жүздесуде Мемлекет бас­шысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген даму бағдарламасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, саяси, экономикалық және әлеу­меттік жаңғырту және Қазақстанның қауіпсіздігіне қатысты мәселе­­­­лер басты тақырып болды. Тал­қылауға жергілікті атқарушы биліктің, «Нұр Отан» ХДП, бизнес өкілдері де қатысты.

Кездесуде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қол­даудағы аймақтық бағдар­ламаны жүзеге асыруға, еліміздің агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту жайында айтылды. Сенаторлар әңгіме барысын­да агроөнеркәсіп кешенін ны­ғайту, кәсіпкерлікті дамыту және мамандарды даярлау са­ла­­ларындағы мемлекеттік сая­­­­саттың бағыттарына тоқта­­лып, жергілікті жердегі тыныс-тір­­шілікті қамтамасыз ететін ин­­­­­­фра­құрылымды нығайту мәсе­ле­леріне ерекше назар ауда­рыл­ды, деп хабарлады Пар­ла­­мент Сенатының баспасөз қызметі.