- Бүгін таныстырылған Заң жобасында кеңестер қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру туралы айтылды. Біз бұған дейін қоғамдық бастама негізінде тегін жұмыс істеп келдік. Вице-министр енді қоғамдық кеңестер атқарған жұмысқа қаржы төленетінін айтты. Сондықтан бұл бастаманы қолдаймыз. Бұған қоса, қолданыстағы лауазымдар тізіліміне қоғамдық кеңес хатшысы лауазымын енгізу туралы сөз болды. Бұл өте дұрыс, дер кезінде көтерілген мәселе. Сондай-ақ кеңсе тауарларын сатып алуға, кейбір күрделі мәселелер бойынша кәсіби сарапшылар тартып, олардың қызметіне төлем жасауға және өңір ішіндегі іссапар шығындарына арналған қаражат қарастырылатын болды. Бұған дейін бұл шығындардың барлығын өз қалтамыздан төлеп келдік. Мәселен, мен өткенде тұрғындар көтерген бір мәселені шешу үшін Дружба елді мекеніне таксимен бардым. Бізде көлік те жоқ. Бүгінгі отырыс осындай түйінді мәселелердің оң шешім табуына жол ашып отыр. Бұл қоғамдық кеңестердің жауапкершілігі мен абырой-беделін арттырып, жұмысын жандандыра түседі, - дейді Әсия Дуанбаева.
Қостанай