Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Жаңа форматтағы мамандар дайындайды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік басқару жүйе­сіне әділ бәсеке негізінде оған әбден ла­йықты білімді де білік­ті азаматтардың келуі керек екен­дігін атап көрсеткені мә­лім.

Жаңа форматтағы мамандар дайындайды

Мемлекет басшысының пайымдауынша, кадрларды іріктеу мен орналастырудың бұдан өзге бағыты болмауы тиіс. Өз кезегінде бұл ұстаным бәсекеге қабілетті, сапалық деңгейі жоғары мамандарды даярлау қажеттілігін туғызады.

Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­ситетінде жаңа форматтағы мамандар мен кадрларды әзірлеу ісі қолға алынған. Бұған Ақтөбе облыс­тық мемлекеттік қызмет істері депар­таменті бастамашы болып отыр. Сөйтіп аталған жоғары оқу орнында «Менеджмент» мамандығы аясында HR менеджерлерін оқыту траекториясы белгіленген. Бұл жөнінде экономика және менедж­мент кафедрасының меңгерушісі Айгүл Құрманалина өз ой-пікірін төмендегіше түйіндеді.

– Болашақ мамандарды жаңа формат деңгейіне сай әзірлеу үрдісі «Адам ресурстарын басқару» деп аталған жаңа тұрпаттағы оқыту бағ­дарламасына негізделген. Соған сәйкес биылғы жылдан бастап атал­ған мамандықты игеруге ынта-зейіні бар талапкерлерді сыннан өткізуді ойластырып отырмыз, деді.

Осы тұжырымынан тағы бір көңілге түйген жайт – аталған оқу бағдарламасы студенттерді пер­со­налды қызметке бейімдеу ба­ғыттарына басымдық бермек. Жаңа істің басы-қасында жүргендер оның өзегіне бүгінгі мемлекеттік сая­саттың басым бағыттарын толық, әрі жан-жақты меңгерді. Ман­сап­тық өсу мен басқару ісінде өз бойындағы көшбасшылық қа­сиет­терін таныта білген мамандар әзір­леу ерекшеліктері тән екенін мәлімдеп отыр.

 

АҚТӨБЕ