Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Адалдық құндылықтары дәріптелді

446 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жемқорлыққа бейжай қарамаймын, адалдық принципіне үлес қосам, республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабына мүше болам деген азаматтарға есік ашық.

Адалдық құндылықтары дәріптелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Берда­лин Түркістан облысы жұрт­шы­лығымен ақпараттық-ағарту­шылық жұмыстарын жүргізу мақсатындағы кездесуде осылайша көпшілікті адал қоғамды бірге қалып­тастыруға шақырды. Агент­тік жанынан құрылған респуб­ликалық ақпараттық үгіт-насихат штабының мү­ше­­лері жүргізген түсіндіру жұ­­мыс­тарының негізгі миссия­сы – халықтың құқықтық са­уат­тылығын арттыру және па­расаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде дәріптеу арқылы ел азаматтарының бойы­на адалдық қасиеттерін дарыту. Штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада мен агенттік өкілі А.Бердалин алдымен облыс активімен кездесті. Сондай-ақ облыстық Полиция депар­та­ментінің жеке құрамымен ке­лелі кездесуде адамдық пен адалдық, туралық пен тазалық құндылықтары ортаға салынды. Облыстағы білім беру ұйым­дарының басшыларына парасаттылық принциптері жан-жақты түсіндірілді. Адал білім беру – ұлт болашағын құрудың негізгі тетігі екені әрі сірескен сананы сілкінту арқылы сыбайластықтың алдын алуға болатыны атап өтілді.

Облыс орталығынан бастау алған ақпараттық-ағарту­шылық жұмыстар Арыс қала­сы мен Отырар ауданында жалғасын тапты. «Тамшы тама-тама тас жарады. Егер де күні-түні расында айтылып жатса, ұлттың санасына құйылып жатса, оның жемісі болады. Себебі қазақта «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды» деген сөз бар. Сондықтан айту керек, жеткізу керек. Дәл қа­зіргі на­рықтың қайнап тұрған уақы­тында ұлтымыздың жан-дүние­сін оятуымыз керек», деді штаб жетекшісі Ы.Тұрсынзада оты­рарлықтармен кездесуде.

Насихаттық топ өкілдері кез­­десу барысында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты жас шайырлардың ұтымды ұй­қас­пен өріліп, жемқорлықсыз бола­шақты өнеге еткен өлең-жыр­­ларына куә болды. Сондай-ақ штаб өкілдері Арыс қаласында орналасқан «Т.Тә­жібаев атын­дағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәр­биеле­ну­шілерімен кездесті. Жас өс­кін­­дерді жақсылық жа­сауға жі­гер­лендірумен қо­ғамның ары таза азаматтары етіп тәрбиелеу мақсатында ұйым­дастырылған игілікті шарада балаларды парасатты болуға үндеді. Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас­тамасымен өткен «Жемқорлық балалар көзімен» байқауының жүлдегерлеріне арнайы сый­лықтарды табыстады. Айта ке­тейік, агенттіктің Түркістан об­лыстық департаменті балалар ауылының 63 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетіп келеді.

Түркістан өңірінде арнайы келген республикалық ақ­­­па­раттық-ағартушылық штаб өкіл­дері кездесулерде тұр­ғын­­­д­арға рухани орталықты жем­қорлықтан азат өңірге айнал­дыруға үндеді.

 

Түркістан облысы