15 Тамыз, 2013

Қарағандыда қызғылт түсті қар жауды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Караганда-Розовый снег

Тамыздың 13-күні кешкі сағат 22-00-де Қарағандыда ерекше оқиға орын алды – түсі қызғылт қар ұшқындап жауды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Бір қызығы, метеорологтар бұл күні қар жауатыны туралы ешқандай да болжам айтпаған екен. Олардың уәде бергені жаңбыр болыпты. Жұрт соның өзіне сене қоймай, мысқылмен қабылдапты.

Алайда. экологтар тамыз айында да қардың жауып қалу ықтималдығын жоққа шығара қоймайды. «Бұл құйын, тайфун, найзағай ойнауы сияқты бірде-бір метеоролог болжап айтып бере алмайтын әдеттегідей табиғи құбылыс. Шөлді алқаптан мыңдаған шақырым қашықта жатқан жерлерге желмен көтеріліп барған құмның жауған деректері де тарихтан белгілі. Немесе гүлдің тозаңдануы 10-15 мың шақырым жерге дейін созыла береді. Сонда да болса, жұрт шалшық су неге ақ немесе жасыл болады деп таң қала береді», - дейді Қарағандыдағы «ЭкоМузей» директоры Дмитрий Калмыков.

Мұрат Айтқожа.