Технология • 26 Ақпан, 2020

Әріптестік орнатуға келісті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Trend Micro мен қазақстандық T&T Security компаниясы ғылыми және техникалық әріптестікті бастау туралы келісімге қол қойды.

Әріптестік орнатуға келісті

 

Жиын барысында компания өкіл­дері мен қатысушылар қазіргі кез­дегі мемлекеттік мекемелер, ұйым­­дарға қатысты ақпараттық қауіп­сіз­дік пен оның түрлері туралы сөз қозғады. Сонымен бірге аталған сала­дағы қолданылып жүрген жүй­енің кем­шіліктері, халықаралық және қазақ­стандық компаниялардың «Кибер­қалқан» жүйесін нығайту жөнін­дегі бірлескен жұмысы туралы  әңгімеледі.

Негізі 2013 жылы қаланған T&T Security кибер қауіптердің жаңа буынына қарсы күреске арнал­ған құралдарды дайындауға маман­данған компания. Елімізде Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігінің қолдауымен жұмыс істеуде. Әріптес­тік аясында тараптар Қазақстан аума­ғында ақпараттық қауіпсіздік сала­сындағы бірлескен жобалар мен бас­тамаларды дайындауға және жүзе­ге асыруға, сондай-ақ қолда бар шешім­дерді терең технологиялық бірік­тіруге бағыттауды жоспарлап отыр. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­­нистрлігінің Ақ­па­раттық қ­ауіп­сіздік комитеті төраға­сының орын­­­басары Руслан Әбдіқа­лықов «Мұн­дай әріптестіктің өзі «Қазақ­станның киберқалқаны» бағ­дар­ламасы жұмысының нәтижесі деп есеп­тей­мін. Бұл елдің ақпараттық қауіп­сіздігі­нің нығаюына қызмет ете­ді. Одан бөлек елімізді әлемдік қоғам­дас­­тыққа жаңа қырынан, яғни ки­бе­р­қауіп­­сіздік бо­йынша сапалы шешім­д­ер­­дің өндіруші­сі ретінде таны­тады. Со­ны­мен қа­тар бұл бастама қазақ­стан­дық IТ-өнімдердің экспортына, ке­рі­сінше әлемдік брендтердің қазақ­стан­­дық нарыққа кіруіне жол ашады», деді маман.