Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

«Автоураган» көмегімен 1180 жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Автоураган» автоматтық жүйелерімен бекітілген тәртіп бұзғаны үшін маңғыстаулық автоәуесқойлардың атына 10 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

«Автоураган» көмегімен 1180 жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды

Маңғыстау облысында тәулік бойы автоматты режимде құқық бұзушылықтарды анықтайтын 22 кешен бар.

«Автоураган» жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және тіркеуге қабілетті. Полицейлер «Автоураган» кешенді жүйесінің көмегімен жолдарда берешегі бар жүргізушілерді анықтайды.

Полиция қызметкерлері «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен 1180 жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады. Олар бойынша құқық бұзушы жүргізушілерге 9.701.515 теңге сомасына айыппұл салынып 6.552.127 теңге айыппұл өндіріліп алынған. Айыппұл тұрағына 7 автокөлік салынды.

Айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін қолданыстағы заңнамамен 40 күндік мерзім қарастырылған. Заңнамада көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік материал мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қояды.

 

Маңғыстау облысы