Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Маңғыстауда есірткі жарнамалайтын 24 сайт бұғатталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында интернет-кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг кезінде жыл басынан бері есірткі құралдары мен есірткі түрлерін жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 сайт анықталып, олардың барлығы бұғатталған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда есірткі жарнамалайтын 24 сайт бұғатталды

Мұндай сайттарды құру есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау ретінде сараланады. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, ол бойынша айыппұл 150-ден 700 АЕК-ке дейін, яғни 378 750-ден 1 767 500 теңгеге дейін.

Есірткіні таратумен айналысатын адамдарға келетін болсақ, оларды 291-бап бойынша есірткіні таратумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен қаланың қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар табылып, жойылды .

Қарапайым тұрғындар бұл есірткі жарнамасы екенін байқамайды. Есірткі тұтынушылар ісінен хабардар, олар әр түрлі мессенджерлер арқылы есірткі сатып алуға тырысады.

Полицейлер тарапынан тұрғындарға есірткі қылмысымен күресте белсенділік танытып, өздеріне белгілі болған барлық қылмыс фактілері туралы Есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқармаға хабарласу қажеттігі айтылды.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35