15 Тамыз, 2013

Африканың орталығында 1,6 млн. адам көмекке зәру

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЦАР-голод-1

Үстіміздегі жылдың наурыз айында мемлекеттік төңкерісті бастан кешкен Орталық Африка Республикасында әлеуметтік жағдай барған сайын ауырлай түсуде. Бұл туралы «Российская газета» хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бұл елдегі 1,6 адам азық-түліктен, судан, гигиеналық құралдардан, медициналық көмектен, шабуылдан қорғаудан қатты тапшылық көріп отыр. Сондай-ақ 206 мың адам өздерінің үйлерін тастап шығуға мәжбүр болса, 60 мыңға жуық адам көрші елдерге қашып кеткен. Мұның бәрін БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Валери Амос жеткізді.

«Дағдарыс елдегі барлық 4,6 млн. адамды қамтыды. Осылардың жартысын балалар құрайды», деді ол.

Сәкен Майлыбай.