15 Тамыз, 2013

Оңтүстіктегі Мақтаарал ауданындағы оқушылардың жартысы сауатсыз

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хлопковое поле-2

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданындағы оқушылардың жартысының сауаттары өте төмен. Мұндай тұжырым «Сандж» республикалық сараптау орталығынан түсті. Бұл ауданның балалары білім алудың орнына жұмыс істеп ақша табады екен.

Мұны үстіне, мектеп оқушыларының көбісі тіпті ересек адамның өзіне қиын түсетін мақта жинау ісімен айналысатын көрінеді. Бұл фактіні мұғалімдер де расқа шығарып отыр. Оқытушы Гүлдана Барахатова сондай отбасылардың бірін мысалға келтірді. Оның айтынша, ол үйдің отағасы мүгедек болғасын табыс табу міндеті балаларының мойынына артылған. Мектеп жасындағы балалар нәпақасын табу үшін егістік алаңдарында еңбек етеді дейді.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма басшысы Ғалия Жүсіпова бұл жағдаймен айыппұл енгізу арқылы күресуді, яғни балаларының еңбегін пайдаланғаны үшін олардың ата-аналарына ақшалай айыппұл салуды ұсынды.

Мамандардың мәліметтеріне сүйеніп, бұл мәселе еліміздің оңтүстігінде өзекті боп тұрғанын атап айтқымыз келеді. Айталық, бір ғана Мақтаарал ауданының 5 ауылында балалар ауыр жұмысқа, яғни мақта жинауға жұмылдырылған.

Сұлтан Бозайғыр.