15 Тамыз, 2013

Ақтөбелік футболшы Кенжисариев ес-түссіз жатыр

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эмиль Кенжисариев-1

Қазір «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эмиль Кенжисариев Алматыдағы ауруханалардың бірінде кома жағдайында жатыр. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Анықталмаған деректер бойынша, Кенжисариев өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасапғ соққыға жығып кеткенін кейін түскен. Қақтығыстың себебі белгісіз.

Бір ғана нәрсе белгілі, қазір футболшы дәрігерлердің сөздеріне денесін ептеп қимылдатып қана жауап бере алады. Ол медициан қызметкерлерінің ұдайы бақылауында жатыр.

Айта кету керек, алдағы аптада «Ақтөбе» Лига Еуропасының кезекті раундына өту үшін Киевтің «Динамосымен» кездеседі. Қалыптасып отырған жағдайға қарағанда, Эмильдің бұл матчқа қатысуы екіталай.

Дамир Қожамқұл.