Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Маңғыстауда үздік тергеушілер анықталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрделі істерді шешу, оқиғалар барысын қалпына келтіру және шындықты ашу - бұл жұмыс адал және әділ адамдардың ісі. Бүгінгі күні осы мамандықтың иесі басқа қызметкерлердің іс-әрекеттерін үйлестіретін және бағыттайтын жедел-тергеу тобының маңыздысы болып табылады. Ол қылмыскердің кінәсін немесе күдіктінің кінәсіздігін дәлелдейді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда үздік тергеушілер анықталды

2019 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының Полиция департаментінде жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция майоры Алексей Клименко және ПД Тергеу басқармасының аға анықтаушысы полиция капитаны Имаммағзұм Шағырбаев тергеу және анықтау саласында үздік деп танылды. Олар өз саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Алексей Клименко 2007 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітіргеннен кейін Ақтау қалалық ІІБ-да мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі қызметін бастады.

Имаммағзұм Шағырбаев 2009 жылы Б. Бейсенов ат. ҚР ІІМ Қарағанды Академиясына оқуға түсті. Оқу орнын аяқтаған соң Ақтау қалалық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып жұмыс істей бастады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Маңғыстау облысы ПД Грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оларға ҚР ІІМ Алғыс жарияланды.

 

Маңғыстау облысы