
Ресейдің Приморье өлкесінің блогосферасында су тасқыны жүріп жатқан кезде әртүрлі фонда суретке түсіп, фотосессия жасаған белгілі балерина Анастасия Волочкованың қылығын айыптау жазылды. Бұл туралы «Известия» хабарлады.
Блогосферадағы сынға қолма-қол жауап қайтарған биші су тасқынының фонында суретке түсу арқылы өзінің проблемаға жұрт назарын аударуды көздегенін мәлімдеді. «Адамдар, қайырымды болыңдар! Мен жұрт назарын осы апатқа аударғым келеді. Телектен көргенде оның алып жатқан ауқымын шамаалй алмайсыңдар», деп жазыпты Волочкова өзінің блогына.
Балеринаның Амур облысындағы фотосессиясы үлкен су тасқыны жүріп жатқан Приамурье ғана емес, биші бұдан әрі сапар шекпекші болып жатқан Приморье өлкесінің блогерлерінің де наразылықтарын туғызып жатқанға ұқсайды.
Ал Анастасия Волочкова өзінің микроблогында фотосессияны су тасқынынан зардап шегіп жатқан аудандарда жасап, өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі бетке салып қойғанын хабарлапты.
«Волочкова ханым ұшақтың трапынан түсіп келе жатқан бойда қолына қайла мен күрек ұстатып, облыстың солтүстік аудандарындағы тоған салу жұмыстарына жегіп қою керек еді», деп жазады фотосессияны пайдаланушы Владивосток тұрғыны vladim.73. Түсіп жатқан осы мазмұндас хаттар көп-ақ
Мұрат Айтқожа.