15 Тамыз, 2013

Құлыбаев Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болуын тоқтатты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тимур Кулибаев-1

«Интерфакс-Қазақстан» хабарлағандай, Тимур Құлыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі деген лауазымды енді арқалап жүрмейтін болды.

Басылым бұл деректі «Газпромның» екінші тоқсандағы есебіне қарап отырып алғанын да алға тартады.

Сонымен бірге, Тимур Құлыбаев Қазақстан Kazenergy мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымы ассоциациясының басшысы, сондай-ақ «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы президиумының төрағасы деген лауазымдарын сақтап қалды.

Құлыбаев 2011 жылдан бері «Газпром» директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Сәкен Майлыбай.