Геологтар «Антарктида ешқашан бұлай тез еріген емес» деп дабыл қағып отыр. Мамандар мұны ауа температурасының жоғарылауымен байланыстырады.
Ақпан айының басында Антарктика түбегінің солтүстік бөлігіндегі «Эсперанса» ғылыми-зерттеу стансасы 18,3 градус нөлден жоғары температураны тіркеді. Бұған дейін континенттегі рекордты көрсеткіш 17,5 градус болған.
6-11 ақпан аралығында қар жамылғысы тереңдігі он сантиметрге дейін еріп кеткен. Бұл жыл бойына жиналған қардың бестен бір бөлігі ғана.