Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Дәрігерлер мінген ұшақ Тарбағатай ауданына бармақ болған

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшақ санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағытымен ұшқан.

Дәрігерлер мінген ұшақ Тарбағатай ауданына бармақ болған

Осыдан біраз уақыт бұрын Өскемен маңында санитарлық авиация ұшағының құлағанын хабарлаған едік. Облыс әкімінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаға байланысты қосымша мәліметтер ұсынды.

«Бүгін сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында «Орлан-2000 әуе компаниясы» ЖШС Ан-2 әуе кемесі апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағытымен ұшқан. Алайда тапсырма өзгеріп, әуе кемесі Өскеменге кері қайтады. Бірақ Прапорщиково ауылының маңындағы 124-бағытта қозғалтқыш жана бастаған. Бортта бес адам болды. Екі дәрігер - Асаубаев, Халитов және экипаж мүшелері - Шкулов, Шалыгин, Иванов. Бәрі аман-есен» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы