15 Тамыз, 2013

Ұры шопан өзі баққан қойларын ұдайы ұрлап отырған

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бараны-1

Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының біріне шопан болып жалданған 35 жасар ұры өзі жұмыс жасаған кісі 11 айдың ішінде өз қожайынының малдарын ұрлап сатқан алаяқ Астанада тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today хабарлады.

«Өз қожайынының сеніміне әбден кіріп алғасын, ұры бақташы жеке баю мақсатында отардағы қойларды біртіндеп ұрлап, базарға шығарып, сатып келген. Сөйтіп жүріп, үй салуға ашқа жинап алады. Өзі мал баққан аралықта ол 60 бас қойды, 40 бас қозыны, 4 сиыр мен 10 ешкіні қолды етеді. Бұлар арқылы келтірген шығыны – 3 625 000 теңге», делінген облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің парақшасында.

Облыстық ішкі істер департаментінен сондай-ақ алаяқ шопанды құқық қорғаушылардың бір жыл бойы іздестіргені жеткізілді. Оны Астана желілік ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұстады.

Сұлтан Бозайғыр.