Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Маңғыстаудағы медициналық мекемелер МӘМС жүйесіне дайын ба?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаудағы медициналық мекемелер МӘМС жүйесіне дайын ба?

Отырыс Олжас Әбішевтың төрағалығымен өткен болатын. Басқосуда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директоры Руслан Бектубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, бұған дейін 5 медициналық мекеменің МӘМС жүйесіне дайындық жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, бірқатар өзекті мәселелер анықталған. Бүгінгі таңда аталған мәселелердің көпшілігі шешілген, алдағы уақытта қаражат пен уақытты қажет ететін мәселелер өз шешімін әлі де табады деп күтілуде. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды өзектендіру жұмыстары бүгінде маңызды. Ақпанның 18-і күнгі санаққа сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша 9325 адам өзектендірілмеген. Өңірде соңғы 12 айдағы жұмысшылар саны – 207 060, ал соңғы 3 айда – 163 446. Демек, 43 614 адамның статусы өзгеріп отыр, оның 20 889-ы жеңілдігі бар санатқа ауысқан.

Барлық айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, орын алған кемшіліктерді жою қажеттігі айтылды. Отырыс соңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев медициналық ұйымдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Маңғыстау облысы