Ақтөбелік ана ауылдағы мұқтаж жандарға екі бас ірі қараның етін 30-ға жуық отбасына таратты. Сондай-ақ Жетісай қаласы мен Асық-ата кентінде орналасқан балаларға арналған екі оңалту орталығының төсек-орнын түгелдей жаңартып, қажетті тұрмыс жиһаздарын сыйға тартты.
«Ұлтымыздың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілділік. Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасының барын естіп, аз да болса мұқтаж жандарға көмек көрсетейін деп шештім. Бүгін бар дүние ертең жоқ. Балаларымның бәрі қолдады», – дейді ақ жаулықты ана Гүлбарам Қабыланқызы. Өз кезегінде жергілікті әкімдік өкілдері алыстан арнайы келген анаға алғыстарын білдіріп, естелік сый-сияпат жасады.
Түркістан облысы