МӘМС қоры Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина бұл жобаның тұрғындар үшін аса пайдалы екеніне тоқталып, оның жұмыс істеу принциптеріне түсінік берді.
– Егер емделушіде медициналық сақтандыру жүйесі бойынша оның құқықтарына қатысты мәселелер туындаса, бірінші кезекте ол медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Сұрақтарына жауап алмаған жағдайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шұғыл желісіне 955-559 нөмірі бойынша хабарласа алады. Бұдан әрі медсақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына жазылуға болады, – деп атап өтті ол.
Мысалы, өтінішті қалдыру үшін алдымен қосымшада тіркелу қажет. Шағымға фотосуретті қоса беруге болады. Тіркеуден кейін өтініштің қаралуы қай сатыда екенін қадағалау мүмкіндігі бар. Айта кету керек, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған нөмірге 40 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығы да бұрыңғыдай тәулік бойы жұмыс істейді.
Қарағанды облысы