Суретті түсірген: Ардақ Жоламан
Олимпиадаға еліміздің 12 өңірінен, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес мектептерінің, Ресейдің Новосібір қаласынан барлығы 74 оқушы қатысуда оқушы қатысуда.
Олимпиаданың бірінші күні 18 командаға бөлінген қатысушылар теориялық кезеңнің тапсырмаларын орындады.Қазір келесі кезеңдерге дайындықтар жалғасуда.Жалпы, олимпиаданы өткізу дайындығы жоғары. Бастысы - тәжірибелік кезеңнің өткізілуі. Себебі, химия пәнінен болатын халықаралық олимпиада екі теориялық және бір тәжірибелік кезеңнен тұрады. Ерекшелігі осында,- дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, олимпиаданың қатысушылары және жетекшілері «Ertis» мультимедиялық музейіне экскурсияға баруда.Музейде геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасының, Кереку өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихымен танысады.Соңынан оқушылар «Batyr mall» сауда-ойын-сауық кешенінде демалады.
Павлодар