- Көрмеге Құнанбай Өскенбайұлының өмірі мен қоғам қайраткерлігін айшықтап көрсететін құнды дерек көздері, Құнанбай тақиясы мен күміс белдігі қойылды, - дейді музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызы, - сол секілді қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына алғаш рет Құнанбайдың құжат беттеріне қойған таңбалы мөрін ұсынды.
Шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының инновациялық даму және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Тұрдықұл Шаңбай, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Шәкәрім университетінің Тарих және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, доцент Майра Ибраемовалар сөз сөйледі. Академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабының таныстырылымы өтті. Және де салтанатты кешке Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары қатысты. Абайдың әсем әндерінен композициялар орындалып, облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның «Кербез» фальклорлық ансамблі шалқыма күймен көрік берді.
СЕМЕЙ