Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Түркістанда әлеуметтік дүкендерде азық-түлік арзан бағамен сатылуда

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандағы әлеуметтік дүкендер мен «Шапағат», «Дастарқан», «Бәйтерек», «Береке», «Дәулет» сауда орындарында нан бағасы - 75 теңге болса, жұмыртқа - 26-28 теңге, картоп пен қырыққабаттың келісі - 89 теңге, пияз - 56, сәбіз - 76, қанттың келісі - 205 теңгеден сатылуда.

Түркістанда әлеуметтік дүкендерде азық-түлік арзан бағамен сатылуда

Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Нұрлан Байғұт басшылық ететін облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Мысалы, басқарма өкілдері кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу жөнінде жиындар өткізіп, ортақ келісімге келген. Нәтижесінде тұрғындар азық-түлікті базар нарқынан 15-20% төмен бағада сатып алуда. Сондай-ақ басқарма мен «Түркістан ӘӘК» АҚ Тұрақтандыру қорының мамандары ұдайы сауда орындарын аралап, халық көп тұтынатын тауарлардың бағаларына бақылау жүргізеді. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 14 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда орталығында халық көп тұтынатын 19 түрлі тауардың бағасы бақылауға алынған. Бағаны тұрақты сақтау үшін қор сауда орындарына тауарларды жеткізіп отырады.

ааа

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу мақсатында Түркістан қаласындағы «Гүлдер» аллеясында айына 2 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.

Түркістан облысы