Оның құрамына Литваның экономикалық белсенді 15 қаласы мен аймақтарының көшбасшылары мен кәсіпкерлері бар. Сапардың басты оқиғасы 4 наурызда «Қазақстан» қонақ үйінің конференц-орталығында (кешкі сағат 10-да) өтетін «Литва - Қазақстан» экономикалық форумында белгілі болады.
Литва Еуропалық Одақ елдерінің арасындағы Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Қазақстан мен Литва арасындағы сауда деңгейі (727 млн. АҚШ доллары). Бұл солтүстік Еуропаның белгілі көшбасшыларымен Финляндия мен Швециямен ұқсас сауда көрсеткіштерінен асып түседі.
«Литва делегациясының және экономикалық форумның сапары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашуға және бірлескен жобаларды дамытуда және ынтымақтастықтың жаңа форматтарын құруда, оның ішінде инновациялық индустрия мен өндіріс саласында да сенімді серіктес ретінде Литваны танытуға бағытталған», - деді Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Гинтаутас Васюлис
Форумда индустриалды инновациялар, сүт және ет өңдеу кәсіпорындары, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі, металл өңдеу және машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, транзиттік және жүк тасымалы, туризм және санаторлық-курорттық емдеу, авто сауда және басқа бағыттар бойынша бірлескен жобалар құру мәселесі талқыланады.
Литва делегациясының құрамында 40-тан тұлғалар бар. Кәсіпкерлерден өзге 6 қаланың әкімі., қалалар мен аудандар басшыларының орынбасарлары, қалалық және аудандық әкімшіліктердің директорлары, қалалық кеңестердің мүшелері. «Біз форумды Литваның экономикалық әлеуетімен танысып қана қоймай, сонымен қатар аймақтық деңгейде шешім қабылдауға жауапты адамдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаң деп қарастырып отырмыз» дейді Каунас ауданы әкімінің орынбасары Антанас Нестецкис.
Іссапар барысында қазақстандық серіктестерге жаңа технологияларды қолдану идеялары мен Еуропалық Одақ ұсынатын артықшылықтарға негізделген бірқатар перспективалық жобалар ұсынылады. «Литва мен Қазақстан кәсіпкерлері ЕО қаржы құралдарын тарта отырып, ынтымақтастықтың әртүрлі форматтарын таба алады», - деді Укмерге қаласының мэрі Роландас Яникас.
Литва мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі бұрынғыдай транзит болып қала береді. «Литва Қазақстан үшін Еуропа үшін сенімді терезеге айналды», - дейді «Балтық жүк агенті» ЖАҚ бас директоры Константин Самарский.
Литва тек ғана өнеркәсіп пен технологиямен танымал емес.
Форумның жеке бағдарламасы - туризм және курорттық емдеу саласындағы ынтымақтастық. Литвалық делегация туризм мен шипажай емі секторында біріккен жобаларды іске асыруға мүдделі болып отыр.
Алматы