Қостанай облысындағы шағын тігін цехтары жаппай жабылып қалуы мүмкін. Цехтар индустриялық сертификаттың жоқтығынан бұған дейін өздері қызмет көрсетіп келген мекемелерден тапсырыс ала алмай отыр. Былтыр қыркүйек айынан бастап мұндай тапсырыстар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ғана қабылдана бастаған. Содан бері талап та өзгерді.

Енді біліктілік бойынша алдын ала іріктеуден өтіп, индустриялық сертификат алған кәсіпорындар ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады. Ал Қостанайдағы табысы азын-аулақ шағын тігін шеберханаларының индустриялық сертификат алуға жұмсайтын басы артық ақшасы жоқ. Осылайша, өңірлік жеңіл өнеркәсіптің тамырына қан жүгіртіп, көптен бері мәдениет, білім және құқық саласын киіндіріп келген 20-ға жуық шеберхананың тынысы тарылып, кәсібі тоқырап қалды.
Индустриялық сертификат – жеңіл өнеркәсіп саласындағы әрбір өндіріс ошағының паспорты іспеттес құжат. Кәсіпорынның жалған емес, расымен бар екенін, шынайы тауар өндіріп жатқанын растайды. Ең бастысы, отандық тауар өндірушілер арасындағы адал бәсекеге жол ашады. Сондай-ақ, шетелден арзан бағаға киім-кешек алып келіп, оған «өзім өндірдім» деген белгі жапсырып, көз бояушылықпен мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұтып алып жүрген жалған кәсіпорындардың тамырына балта шабады. «Атамекен» ҰКП тарапынан берілетін бұл сертификатты алу үшін кәсіпорын арнайы сарапшы шақыртуы керек. Ол әлгі кәсіпорынның сертификатқа лайық не лайық емесін анықтайды.
Кәсіпкерлердің айтуынша, Қостанайда мұндай сарапшы жоқ. Бұл санаттағы мамандар елімізде санаулы ғана. Жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жатқан 1030 отандық кәсіпорынға 15 сарапшы ғана қызмет көрсетеді. Олардың мекенжайын «Атамекеннің» ресми сайтынан табуға болады.
Сарапшы тапсырыс берген кәсіпорынға сараптама жасап, оның қорытындысын өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өткізеді. Палата ешкімді алаламайды. Талапқа сай болса, үлкен фабрикаға да, 2-3 адам жұмыс істейтін шағын тігін шеберханасына да сертификат ұстатады.
– Алайда есептеп көрсек, индустриялық сертификаттың құны 700 мың теңге болады екен. Оның ішіне сарапшының ары-бері жүретін жолақысы, жатын орны, ас-суы, іссапар пұлы кіреді. Бәлкім, бұл іргелі кәсіпорын «Болшевичка» тігін фабрикасы үшін түк емес шығар. Біз сияқты 4-5 адамнан тұратын шағын шеберхана мұндай қаржыны төлей алмайды, – дейді кәсіпкер Жанар Сәрсенбаева.
Ісмер тұрғындардан түскен жеке тапсырыстарды орындаумен қатар, оншақты жылдан бері ішкі істер органдары мен Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Петропавл облыстарының прокуратурасына, құтқарушыларға, курсанттар мен мектеп оқушыларына мемлекеттік тапсырыс бойынша арнайы киім тігеді. Бірақ жыл басталғалы рұқсат қағазы жоқ кәсіпкерлер үшін мемлекеттік сатып алу порталы жабық тұрғандықтан, конкурстарды сыртынан қызықтағаны болмаса, тікелей қатыса алмай отыр.
Кәсіпкерге бұрыннан тапсырыс беретін мемлекеттік органдар «Сертификат қашан аласыз?» деп күнде қоңырау шалатын көрінеді. Өйткені шағын тапсырыс беретін мекемелерге шағын шеберхана қолайлы. Оның үстіне біраз жылдан бері қостарапты іскерлік сенім қалыптасып қалған. Тігін шеберханасы тапсырыс берген мекеменің әр қызметкеріне жеке тоқталып, алдымен үш рет өлшеп, пішіп алады. Адамның дене бітімін, бойын дәл анықтап алып, киім тігуге содан кейін ғана кіріседі. Ісмердің айтуынша, мәселен, 42-ші өлшемдегі киім киетін адамдарға бірдей киім тігуге болмайды. Өйткені олардың дене бітімінде көп айырмашылық болады. Шеберхана осының барлығын ескеріп отырады. Ал үлкен фабрикалар бұған бас ауыртып жатпайды. Мыңдап тапсырыс түсетіндіктен, олар киімді тек өлшем бойынша ғана қабылдайды. Қызметкерлерін киіндіру үшін көп мекемелердің шағын тігін цехтарына жүгінетіні де осыдан.
Жанар Сәрсенбаева оқушыларға арнап мектеп киімін де тігеді. Мәселен, облыс орталығындағы №115 мектептің оқушылары жыл сайын осы тігін цехынан киінеді. Ісмер мұндағы 5-6 жетім балаға мектеп формасын тегін тігіп береді. Бүгінде бұл оқу ошағында 686 бала білім алады. Былтыр соның жартысына жуығы киім жаңартыпты. Ер баланың костюм-шалбары мен көйлек-галстугіне шамамен 10-15 мың, ал қыз баланың киіміне 15-18 мың теңге кетеді. Жақсы, тіпті 20 мың теңге кетеді дейікші. Сонда индустриялық сертификат алу үшін шағын ғана тігін цехына бір мектепті бір жыл тегін киіндіруге тура келеді.
20 ақпан күні таңертең облыстық прокуратура мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялаған. Тапсырыс көлемі шағын ғана – 20 плащ, 20 китель. Бірақ бұл конкурсқа бірде-бір тігін фабрикасы қатыспаған. Өйткені ірі кәсіпорындар мұндай майда-шүйдеге бас ауыртқысы келмейді. Ал оны алатын Жанар Сәрсенбаева сияқты шағын шеберхана иелерінің қолында сертификат жоқ. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша кителі, жейдесі, мектеп формасы бар – барлығы 200-ге жуық киім тіккен шеберхана биыл жеке тұрғындардан түскен бірді-екілі тапсырысты ғана талғажау етіп отыр.
Сертификатқа қол жеткізе алмай сергелдеңге түскен кәсіпкердің бірі – Евгения Домбаева. Ол облыстық филармонияның әнші, бишілеріне, театр әртістеріне, аудандық мәдениет үйлерінің өнерпаздарына арнап ұлттық нақыштағы сахна киімдерін тігеді. Кәсіпкер мәселенің тек қаржыға ғана тіреліп тұрмағанын аңғартты.
– Индустриялық сертификат алу үшін тігін мәшіңкелері жаңа әрі белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Сондай-ақ шеберханада жұмыс істейтін жұмысшылардың жоғары білімді екенін растайтын дипломы болуы тиіс. Менің шеберханамда жұмыс істейтін шеберлердің қолы алтын. Тәжірибесі мол, кез келген сән үлгісіндегі жоғары сапалы көйлекті тіге алады. Былтыр дипломы бар бір-екі қыз келді. Қайшыны дұрыс ұстай алмайды. Оларды жұмысқа алмадым. Өткен жылы тауарларым «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауына қатысты. Сөйте тұра, міне, мемлекеттік сатып алудан шеттетіліп отырмын, – дейді ашынған кәсіпкер.
Ісмер әйелдер Мәжіліс депутаты Ирина Ароноваға арнайы хат жазып, құқықтарын қорғауды өтініпті. Депутат олардың мәселесін Парламентте көтеріп, Үкіметтен индустриялық сертификат беру шарттарын қайта қарауды сұраған. Бұл мәселе кәсіпкерлердің пайдасына шешілгеннің өзінде де, оған әлі біраз уақыт кетеді. Өйткені заңға өзгеріс енгізу оңай емес.
Кәсіпкерлердің пікірінше, индустриялық сертификат о баста отандық өнімге қолдау көрсету мақсатында талап етілгенімен, шағын, орта, ірі кәсіпорындардың өнім шығару мүмкіндігі мен қызмет көрсету аясы ескерілмеген. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін барлығынан бір сертификат талап етіледі. Нәтижесінде, таяқтың екінші ұшы шағын кәсіп ошақтарына тиіп кетіп, олардың нарық алаңына шығатын жолын жауып тастап отыр.
– Еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін индустриялық сертификат қажет екенін жақсы түсінемін. Бірақ біз сияқты саусағын сауып, көз майын тауысып таза еңбегімен нәпақа айырып жүрген шағын тігін цехтарына оның қажеті шамалы. Бізде сертификат құнын төлейтін күш те жоқ. Бұған дейін «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда бір көзден сатып алу туралы тармақ болатын. Қазір оны алып тастап отыр. Бұрын біз осы тармақ бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына еркін қатысып, жылдық азық болатын тапсырыс алатынбыз. Заң шығарушылар осы тармақты қайта қалпына келтіріп берсе деген өтінішіміз бар. Олай болмаған жағдайда ательені жауып, 20 шақты тігін цехында табыс тауып отырған 100-ге жуық адам жұмыссыздар қатарына қосылудан басқа айла қалмады. Биыл Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізіп, табысқа салынатын салықтан босатып отыр. Жұмыс жүріп тұрса, салық төлеу – бұлжымас міндетіміз. Тек жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі өндіріс ошақтары мен шағын тігін цехтарының аражігін ажыратып, олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, әрқайсысына лайық әділ талап қойса екен. Бастысы, шағын кәсіпкерлер үшін мемлекеттік сатып алуға қатысу шартын жеңілдетіп, тауар өндіруге мүмкіндік жасалады деп үміттенеміз, – дейді қостанайлық ісмерлер.
ҚОСТАНАЙ
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Кеше
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Кеше
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Кеше
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Кеше
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Кеше
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Ауа райы • Кеше
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Кеше
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Кеше
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Кеше
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Кеше
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Кеше
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Кеше
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Кеше
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Кеше
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Кеше
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Кеше
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Кеше
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Кеше
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар