Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Статистика: Елімізде 18 зообақ жұмыс істейді

1605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 зообақ жұмыс істейді, оның 11-і – жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін мекеме. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Статистика: Елімізде 18 зообақ жұмыс істейді

2019 жылы Қазақстан хайуанаттар бағындағы жануар түрлерінің жалпы саны 16,6 мың болды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5,2% аз.

2018 жылы елімізде 20 хайуанаттар бағы болған. Өткен жылы зообақтарға 1,7 миллион адам барған, тамашалаушылар саны бір жылда 2,6% артып отыр.

Өркениетті елдердің көпшілігінде осындай хайуанаттар бағында жабайы жануарларды асырауға тыйым салуда, сондай-ақ жануарлардың тамақтануы және оларды ұстау жағдайларына қатысты ережелері де бар.. Қазақстанда әзірге мұндай заң жоқ, алайда жабайы хайуандарды зообақтарға алуға тыйым енгізу мәселесі көтерілуде.

2019 жылы елімізде зообақтардың жалпы ауданы 100,3 гектар болды, бұл 2018 жылға қарағанда 1,2% көп. Бұл аумақтың 56,3 мың шаршы метрінде аң-құс пен балық түрлеріне арналған орындар бар.

Шымкент

Республика бойынша Хайуанаттар бағындағы ауданының көптігі жөнінен Шымкент бірінші орында, жануарларды асырауға арналған ауданы – 21 мың шаршы метр. Алматыдағы екі зообақтың жалпы ауданы – 20,9 мың шаршы метр. Қарағанды облысында жалпы саны  төрт хайуанаттар бағы жұмыс істейді. Жануарларды ұстауға арналған ауданы – 8,2 мың шаршы метр.

Хайуанаттар бағындағы жануар түрлерінің саны бойынша Алматы алда: 383 түрлі жануар бар. Оның 75-і – сүтқоректі, 118-і – құс.

Шымкент зообағы бұл жөнінен екінші орында: 266 түрлі жануардың 71-і – сүтқоректі, 89-ы – құс, 28-і – бауырымен жорғалаушы, үшеуі – қосмекенді, 70-і – балық, бесеуі – омыртқасыз.

Қарағанды облысындағы хайуанаттар бағында 257 жануар түрі бар, оның 78-і – сүтқоректі, 72-сі – құс, 30-ы – бауырымен жорғалаушы, тоғызы – қосмекенді, 58-і – балық, 10-ы – омыртқасыз.