Әлем • 27 Ақпан, 2020

Еуродақ шенеуніктеріне WhatsApp, Facebook мессенджерлерін пайдалануға болмайды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еурокомиссия бұдан былай WhatsApp, Facebook Messenger және Apple’s Messages мессенджерлері қауіпсіз қолданбалар болып табылмайтынын хабарлады.

Еуродақ шенеуніктеріне WhatsApp, Facebook мессенджерлерін пайдалануға болмайды

Politico басылымының жазуынша бұған себеп қызметтік ақпараттың тарап кеткені болып отыр. Еурошенеуніктерге Signal мессенджерін пайдаланған дұрыс деген ұсыныстар айтылуда. Ал, тағы бір мессенджер Telegram туралы әңгіме қозғалмаған.

Ресейге қашып кеткен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің ұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің пікірінше WhatsApp пен Telegram мессенджерлеріне қарағанда Signal немесе Wire анағұрлым қауіпсіз екен.

2017 жылдың соңында Сноуден мен Дуров Telegram қауіпсіздігі туралы айтысқан болатын. Онда Дуров экс-барлаушының құпия чаттардың жұмыс принципінен хабары аз екенін екенін айтқан болатын. 2019 жылғы мамырда ресейлік маман WhatsApp мессенджерін сынап, әр адам 3 танысын Telegram-ға ауысуын шақырған болатын.

Биылғы қаңтардың аяғында Дуров WhatsApp-тың әлсіз жақтары туралы тағы да айтқан болатын. Оның ойынша бұл мессенджер орнатылған смартфоннан хакерлер адамның жеке басының деректерін оңай ұрлай алады. Бұған Facebook компаниясы ешқандай да дәлел жоғын алға тартқан еді.

Дегенмен де әйгілі миллиардер Джефф Безостың WhatsApp мессенджеріндегі жазбалары мен фотолары қолды болып кеткен еді. Дуров мессенджер ретінде Telegram пайдаланылғанда ондай проблема болмас еді дейді.