Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылы бюджет жоспарын 101,2 пайызға орындаған. Бюджетке нақты 194 млрд 593 млн теңге түсім түсті. Өткен жылдың қорытындысымен еліміз бойынша 2 орынды иеленген департамент басшысы Дулат Нұрмолдиннің мәлімдеуінше, республикалық бюджетке нақты 130 млрд 442 млн теңге өндіріліп, жоспар 107%-ға орындалған. Түсімдердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 39 пайызға өскен. Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін облыстың 16 мемлекеттік кірістер басқармаларында 18 ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру орталықтары орналасқан. Ал шекардан өту уақыты бойынша өткен жылғы индикатор 57 минутты құраған. Орташа уақыты 35 минутқа жеткізілген.
Кедендік бекеттер арқылы заңсыз есірткі тасымалына қатысты «Қазығұрт» кеден бекетінде - 16 құқық бұзушылық, «Жібек жолында» - 11, «Қапланбекте» - 4 және «Атамекен» кеден бекетінде - 1 дерек анықталған. «Жібек Жолы» кеден бекетінде жалпы салмағы 12 келі болатын «героин» және салмағы 3,522 келі «каннабис смоласын» ірі көлемде жасырын алып өту фактісі тіркелген. Сонымен қатар, «Атамекен» кеден бекетінде жалпы салмағы 2 келі «героин» түріндегі есірткі заттарының кедендік бақылаудан тыс алып өту фактісі тіркеліп, құқық қорғау органдарына тиісті шара қолдану үшін жолданды», деді департмент басшысы.