Медицина • 28 Ақпан, 2020

Маңғыстауда МӘМС жүйесінің алғашқы айы қорытындыланды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы филиалының директоры Руслан Бектубаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындылары туралы хабарлады. Бұл туралы аталған филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда МӘМС жүйесінің алғашқы айы қорытындыланды

Баршаға мәлім, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.

Халықпен байланысты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қордың 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7 тәртібі бойынша жұмыс істеуде.

Қазақстандықтар үшін Қор тарапынан кері байланыс каналын құрды. Қазіргі таңда бұл Qoldau-24/7 мобильдік қосымша арқылы жүзеге асырылуда. Осы мобильдік қосымшаны жүктеу арқылы әр азамат кеңес алу, өтініш беру және сақтандырылу мүмкіндігіне ие болады.

1406 Call-центр орталығына бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарынан 26 өтініш келіп түсті. Қор филиалының жұмыс телефонына 60 өтініш келіп түсті. Олар медициналық көмектің сапасына, тегін дәрі-дәрмектің дұрыс берілмеуіне, қымбат тұратын МРТ, КТ сияқты қызмет түрлерін алу мәселелеріне байланысты.

2020 жылы, МӘМС жүйесін енгізгелі, облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті өсіп, 42 млрд теңгені құрап отыр.

 

Маңғыстау облысы