Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Түркістан облысында 37 084 отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қаңтардағы есеппен 37 084 отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген, оның ішінде көпбалалы отбасы - 6522, осал топқа жататындар – 18 834. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында  биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Түркістан облысында 37 084 отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген

Өткен жылы Түркістан облысында 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 5876 пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев мәлімдеді. Өткен жылы 198 инвестициялық жобаның 100-і жүзеге асырылған. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында 111 нысан құрылысы жүргізілді. «Басқарманың ағымдағы жылғы жоспары - 70 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, 117 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, оның ағымдағы жылы 81-і пайдалануға беру жоспарланса, 36 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі болады. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша 2020 жылы облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады», деді басқарма басшысы.

1

Түркістан қаласын дамыту бойынша биыл қыркүйек айында әкімшілік-іскерлік орталығында 11 нысанның құрылысы пайдалануға берілмек.  Сондай-ақ рухани-мәдени орталықта 4 нысанның құрылысы толық аяқталады.

 

 

Түркістан облысы