Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Оралда тағы да кәріз құбыры жарылды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-27 ақпан күндері Орал қаласының Шолохов көшесі бойындағы кәріз коллекторында апат болып, облыс орталығының бір бөлігі сусыз қалды. Диаметрі 1000 миллиметрлік тұрба жарылып, құдықтар бүлінген, топырақ көшкен.

Оралда тағы да кәріз құбыры жарылды

Осыған байланысты қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі бірнеше шағынаудан сусыз қалып, саяжай аумағын кәріздің лас суы басу қаупі төнді.

«Апат салдарын жойып, жедел қалпына келтіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. «Батыс Су Арнасы» ЖШС мен Төтенше жағдайлар департаментінің апаттық бригадалары – барлығы 57 адам, 9 мотосорғыш, 18 техника оқиға орнында жүр» деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев тұрғындарды сабырға шақырып.

Дінмұхамет Қонаев атындағы, Солтүстік-Шығыс, Құрылысшы және №4 шағынаудандардан шығатын кәріз суын Шаған жағалауы көшесіндегі басты құбырға қосу жұмысы жүргізілген. Аталған шағынаудандарға және аурухана, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандарға ауыз су тасымалдап жеткізіліп жатыр.

1

«Үйінен шыға алмайтын тұрғындар «109» нөміріне хабарласса, ауыз суды волонтьерлер үйге дейін жеткізіп береді. Кәсіпкерлерден ауыз су бағасын көтермеуді, мүмкін болса арзандатуды сұраймыз» деді өңір басшысы әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына үндеу жасап.

 

Батыс Қазақстан