Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Студент қызды зорлаған күдікті ұсталды

1045 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі Аққулы ауданы, Майқарағай ауылының мектебіне практикалық-тәжірибеден өту үшін келген 19 жастағы қызды зорлаған ер адам қамауға алынды.

Студент қызды зорлаған күдікті ұсталды

 Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған жиында  облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов мәлім етті.

- Оқиға 25 ақпан күні, түнгі сағат 23:30-да орын алған, - деді Елдар Әбдікенов. – 26 ақпан күні таңертең аудандық полицияның кезекші бөліміне азаматша арыз түсірді. Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері күдіктіні көрші ауылдан қолға  түсірген.

Қазір  қыз зорлау фактісіне сәйкес  Қылмыстық кодекстің 120 және 121-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жағдай департамент басшысының толық бақылауында. Майқарағай ауылының 30 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Куәгерлер де бар.

Елдар Әбдікенов ер адам мен жәбірленуші қыздың таныс болмағанын айтты. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты осы уақытқа дейін де басқа да сот істері қозғалған.

-Күдікті адамға қатысты 2010 жылы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны туралы шағым түскен. Алайда, арыз жазылмағандықтан сот ісі қозғамаған.

Ал, 2017 және 2018 жылдары мал ұрлығына байланысты жауапқа тартылып, қылмыстық істер сотқа жіберілген. Кейін екі тараптың өзара келісімге келуіне байланысты бұл істер тоқтатылған, - деді полиция департаменті бастығының орынбасары.

Бұған дейін зорлау ісі туралы «Не молчи» қоғамдық қорының көшбасшысы Дина Смаилова өзінің Facebook парақшасында жазған-ды. 

 

Павлодар облысы,

Аққулы ауданы