Экономика • 28 Ақпан, 2020

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық тауар өндірушілермен бірқатар келісімге қол қойды

95 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық тауар өндірушілерді қолдау форумы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірқатар келісімге қол қойды. Бұл туралы компанияның Жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» қазақстандық тауар өндірушілермен бірқатар  келісімге қол қойды

Бүгінгі таңда ҚМГ оффтейк-шарттар жасасу арқылы жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде импорт алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Оффтейк-шарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде өндірісі жолға қойылатын тауарларды сатып алу мен жеткізуді кейінге қалдыру шартымен импортты алмастыратын жобаларды іске асыруды көздейді.

Осы бағдарлама аясында ҚМГ-нің еншілес компаниялары – «ҚазТрансОйл» АҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылары қазақстандық кәсіпорындармен келісімге қол қойды.

«ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық «KARLSKRONA LC AB» компаниясымен магистральдық құбырларға арналған сорғы агрегаттарын ықтимал жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты. Магистральдық сорғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан өтеді және сараптама комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, «ҚазТрансОйл» АҚ «KARLSKRONA LC AB» компаниясымен жабдықтың осы түрін сатып алуға оффтейк-шарт жасасады.

«АМӨЗ» ЖШС «Zhaik Petroleum» ЖШС-мен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге 2022 – 2024 жылдар кезеңіне көлемі 70 мың тоннадан астам метанолды ұзақ мерзімді жеткізуге оффтейк-шарт жасасты.

Отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі бағдарламаларға қатысу және сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту «ҚазМұнайГаздың» басым міндеттерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2 триллион 50 млрд. теңгені құрады. Оның ішіндегі жергілікті қамту 81% немесе 1 триллион 658 млрд теңгені құрады.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше