Үкімет • 28 Ақпан, 2020

Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтті

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пәкістан астанасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтті. Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев болады, ал Пәкістан тарапынан - Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сохейл Махмуд. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтті

Қазақстандық делегация құрамына Сыртқы істер, Сауда және интеграция, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика, Мәдениет және спорт министрліктерінің, сондай-ақ, «KazakhInvest»  ҰК» АҚ,  «Самұрық Энерго» АҚ өкілдері кірді.

Келіссөздер барасында тараптар екі елдің өзара мүдделерін ескере отырып, Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен оның даму болашағын егжей-тегжейлі талқылады. 

Комиссияның тең төрағалары Қазақстан мен Пәкістанның сауда-экономикалық қарым-қатынастары динамикасының екі ел қатынастарындағы іске асырылмаған жоғары экономикалық әлеуетіне қарамастан төмендегенін атап өтті. Комиссия отырысына қатысушылар кең ауқымды бағыттар бойынша өзара тиімді кооперацияны белсенді арттыру қажеттігі туралы мәлімдеді.

Комиссияның жұмыс топтарының отырысына қатысушылар тараптардың өтініш білдірген мүдделері негізінде екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін сауда, инвестиция, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фармацевтика, туризм, ғылым, білім беру және т.б. секілді басым салаларды анықтады. 

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша практикалық шараларды қамтитын қорытынды хаттама қабылданды. Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын Нұр-сұлтан қаласында өткізуі жоспарлануда.

Сондай-ақ Исламабадқа сапары барысында Қазақстан Республикасының СІМ делегациясы Қазақстанның парламенттік Достар тобының атынан Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының депутаттарымен кездесті. 

Кездесу барысында Ш.Нұрышев ПИР Халық Ассамблеясының басшылығын 2019 жылғы 23-24 қыркүйек аралығында еліміздің астанасында өткен «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбы бойынша Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV Кеңесіне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. 

Тараптардың екі елдің өзара іс-қимылының перспективалары және үкіметаралық комиссия шеңберінде қабылданып жатқан екіжақты күш-жігері туралы пікір алмасу барысында Пәкістан парламентшілері Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының барлық спектрін жандандыру бойынша ұсынылған шараларды қолдады.