Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Маңғыстау мұғалімдері «Әдістемелік күнге» қатысты

751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Маңғыстау облысындағы жалпы білім беру мектептерінің өнер, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімдеріне әдістемелік күн ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау мұғалімдері «Әдістемелік күнге» қатысты

Әдістемелік күнді өткізудегі басты мақсат – зияткерлік мектеп ұстаздарының тәжірибесін жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ өткізіп жүрген өлке педагогтарына тарату, туындаған мәселелері мен сұрақтары бойынша әдістемелік көмек беру. Білім ордасындағы тәжірибелік күнге 100 мұғалім қатысты.

-Бүгінгі таңда жаңартылған білім бағдарламасы бойынша музыка, өнер (сурет), дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерде қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда және қалыптастырушы бағалау бойынша мәселелер бар екенін байқап жүрміз. Сол себепті де осындай әдістемелік шараны өткізуді ұйғардық, дейді Педагогикалық шеберлік орталығының менджер-әдіскері Сәнбибі Көпбергенова.

Әдістемелік күн барысында зияткерлік мектеп мұғалімдері пән бойынша сабақ өткізіп, бақылау жүргізген әріптестерінің туындаған сауалдарына жауап берді.

-Біздің байқағанымыз, әлі күнге дейін мұғалімдерде қысқа мерзімді жоспар жасауда қиындықтар туындайды екен. Сонымен қоса, гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалау жүргізуде қиналады екен, деді өнер пәнінің мұғалімі Замира Ахметова.

Білім ордасының педагогтары әріптестерін басқа күндерде де сабақ бақылауға шақырды.

 

 

Маңғыстау облысы