«Бүгін партия қатары өз саласы бойынша жемісті еңбек етіп жүрген белсенді азаматтармен толығып жатыр. Біз жергілікті мәслихаттарда түрлі сала өкілдерінің болғанын қалаймыз. Бұрын депутаттардың басым бөлігі кәсіпкерлер болса, енді бұл қатарға әлеуметтік сала қызметкерлері, білім, медицина, мәдениет және өзге де сала өкілдері қосылады деген сенім бар. Саяси жұмыста қыз-келіншектер мен жастар қатары да артады. Мәслихатта қоғамның әртүрлі тармақтарының өкілдері болуы, олардың үні естілуі тиіс. Енді елімізде партиялық праймериз өтеді. Сол саяси науқанға қатысып, елдік мәселелерге араласуға мүмкіндіктеріңіз бар. Партияға әркім жүрек қалауымен, шынайы ниетпен келеді», деді Б. Тәжібаев.
Сондай-ақ салтанатты жиында Қазығұрт аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Боранбаева, Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Көшербай Nur Otan партиясына қабылданғанына қуанышты екенін жеткізді. Көпбалалы аналар – түлкібастық Қ.Тұранқұлова мен түркістандық С.Божбанбаева да партия қатарын толықтырды.
Бүгінде Түркістан облысында Nur Otan партиясының 85 мыңнан астам мүшесі бар. Өткен жылдан бастап 2020 жылдың ақпан айына дейін партия қатарына 5 мыңнан астам адам қабылданып, 8 мыңнан астам адам шығарылған. Жалпы, партия филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 ақпанда облыс бойынша аудан, қалаларда 122 адамға партия куәлігі тапсырылды.
Түркістан облысы