Байқауда бақ сынаушыларға сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев
іс-шара дизайнерлер, бағдарлама әзірлеушілер және басқа да мамандар үшін инновациялық жоба, өнім жасауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл алаң білім және идеялармен алмасуға немесе алдағы уақытта жұмыс істейтін бірлескен жобаны ойлап табуға, қандай да бір тақырыпқа немесе мәселеге мүдделі талантты, белсенді адамдардың желісін құруға көмектеседі.
Бүкіл республикадан 100-ге жуық жастар қатысып отырған байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Incraft» компаниясының Алматы қаласындағы 6 айлық тегін тағылымдамасынан өту мүмкіндігі берілмек. ІІ және ІІІ орын алғандарға «BilimBook» білім беру компьютерімен және «BilimBook light» планшеті табыс етіледі.