Осы іс-шараның аясында екі күнде 5 қылмыс ашылды. Осы фактілер бойынша 8 адам ұсталды. «Мал ұрысы», «Мал союшы», «Ұрланған малды өткізу үшін сатып алушы» санаттары бойынша 27 адам криминалдық есепке қойылды.
Соның ішінде Мамлют ауданының Бостандық аулында екі мал ұрлаған күдіктілер анықталып, ұсталды. Былтырғы жылдың тамыз айында белгісіз қаскөйлер екі қорадан 7 бас қой ұрлаған екен. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қызылжар ауданында да 1996, 1997 жылдары туған екі тұрғынның және петропавлдық 23 жасар жігіттің қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдіктілерге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тәртіп сақшылары олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеруде.
«Көп жағдайда бағылмайтын мал ұрланады. Малды қараусыз қалдыруға болмайды. Мұндай жағдай қыста да болып тұрады, - дейді СҚО ПД Криминалдық бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.
Ұрланған малдың етін сатып алу және өткізу фактілерін табу мақсатымен полицейлер облыс жолдарында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 123 автомашинаны тексерді. Сондай-ақ, базарлар, дүкендер, мал соятын орындар да тексерілді. Екі күннің ішінде 66 орыннан 15 құқық бұзушылық анықталды