Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Тыныштықты бұзғандар заңға сай жазаланады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 268 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қарапайым азаматтар да, лауазымды тұлғалар да, заңды тұлғалар да бар деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тыныштықты бұзғандар заңға сай жазаланады

Әрбір адам көшенің, үйдің тыныштығын сақтауға, өзгелердің мазасы мен тыныштығын бұзбауға  міндетті. Алайда, бұл тәртіпті сақтамайтындар да бар. Біреулері үйде кештер ұйымдастырып, бірқатары алкогольді ішімдік ішіп айқай-шуды көбейтсе, енді біреулер
жиындарды тұрғын үйлердің жанында орналасқанорындықтарда ұйымдастырады және олар тұрғындардың шағымдарына мән бермейді. Бірақ тұрғындар да мұндай шуға шағымдана бермейді. Шағымдар көбіне пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізетін көршілерге қатысты шағымдар келіп түседі екен, өйткені олар 23 сағаттан кейін де тоқтамайды.

Мұндай кезде тұрғындар Ақтау қаласы ПБ жедел басқару орталығына, кейде өздерінің учаскелік инспекторларына жүгінеді.
Полиция департаментінде егер полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзумен анықталатын шулы мінез-құлықты тапса, онда шу шығарып отырған көршіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес оларға 5 АЕК айыппұл салынатынын, яғни сомасы 13 255 теңге болатындығын түсіндірді. Екінші рет айыппұл екіесе артады.

Ақтауда құрылыс қарқынды жүргізіліп, жөндеужұмыстары жалғасуда.

Бірақ, тұрғындардың тыныштығы заңға сай қорғалатын болады.