Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Ақтауда полицейлер ерікті жастармен бірге граффити жазуларды өшірді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есірткі – өзіне тәуелді ету арқылы азаматтырухани тұрғыда әлсіретіп,  әлеуметтік құндылықтарды азғындататын қасірет. Қазақстан полицейлері есірткіге қарсы күресі ұдайы және жүйелі жүргізіп келеді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.

Ақтауда полицейлер ерікті жастармен бірге граффити жазуларды өшірді

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы Ақтау қаласынадғы «Арман» жастар орталығының ерікті жастарымен бірге қала аумағындағы граффити жазуларды өшіруде. Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатындағы шараға жастар белсенді атсалысуда.

Қала үйлерінің, ғимараттардың жанында орын алған бұл жазуларда интернет сайттар арқылы заңсыз есірткі заттарын таратушының мекен-жайлары жарнамаланған.

Іс-шараға куә болған Ақтау қаласы 5 шағын ауданның тұрғыны жастардың бұл игі істерін қолдап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.