Қысқы спорт • 02 Наурыз, 2020

Әлем кубогында қола жүлде олжалады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Жанбота Алда­бергенова Алматыдағы «Oi-Qaragai Lesnaya Skazkа» таулы курортында өткен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогы кезеңінде үздіктер қата­рынан көрінді.

Әлем кубогында қола жүлде олжалады

Отандасымыз кубок бәсекесінің жекелей сынында украиналық Надежда Махнатская мен америкалық Меган Никке ғана есе жіберді. 71,20 ұпай жинаған Жанбота Алдабергенова Әлем кубогының қола жүлдесіне қол жеткізді. Бұл Жанботаның спорттық мансабындағы ең үздік нәтижелерінің бірі.