Спорт • 02 Наурыз, 2020

Халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-28 ақпан аралығында Ресей астанасы Мәскеуде шахматтан «Аэрофлот Опен 2020» Халықаралық турнирі өтіп, байрақты бәсекеде 21 елден 97 спорт­шы бақ сынады. Олардың 65-і Халық­аралық дәрежедегі гроссмейстер болса, 30-ы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы сапында «А» категориясында сынға түскен отандасымыз Ринат Жұмабаев тоғыз кезең қорытындысы бойынша жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды. Турнирдің бас жүлдесін Әзербайжан шахматшысы Айдын Сулеймани иеленсе, қола жүлде тағы бір әзербайжандық гроссмейстер Рауф Мамедовке бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ринат былтыр мамыр айында Ташкентте өткен аймақтық турнирде топ жарып, қараша айында АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Winter chess classic турнирінде екінші орынға тұрақтаған-ды.