17 Тамыз, 2013

Әскерге шақыру

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Керуен» сауда орталығында әскери қызметке келісімшарт бойынша шақыруға арналған жылжымалы тіркеу пунктінің жұмысы басталды.

ERM 9839

ERM 9810

ERM 9772

Қазіргі уақытта республика Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бағыт­тарының бірі Қарулы Күштерді офицерлік, сержанттық және қатардағы жауынгерлермен жасақтаудың жүйесін жетілдіру болып табылады. Бұл жұмысты жүргізуде Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауға толық көшуге негіз болатын саннан бұрын сапаға барынша мән берілетіні сөзсіз.

Үгіт тобының жұмысы үміткерлерді іріктеу және халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды көп деңгейлі жүйеге құрылған. Осы уақытқа дейін еліміздің әр аймағында үгіт-насихат сипатындағы бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы халықты әскери қызметке келісімшарт бойынша алу тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары да ұдайы жүргізіліп келеді.

«Егемен-ақпарат».

––––––––––––––––

Суреттерде: елордадағы «Керуен» сауда орталығындағы әскери қызметке шақыру пункті жұмысынан көрініс.