Қазақ мәдениетінің жаңаша қырларының бірі және қазіргі заман көшінің айрықша бір саласы – эстрада өнері. Өнердің өзге түрлері секілді эстрада да өз қызметінде мемлекет белгілеген ұлттық мәдениет саясатын ұстанатын елеулі салалардың бірі. Адамзат қоғамының даму жолдары мен тарихи кезеңдері сан жүздеген ғасырларды артқа тастағанда өнердің өзге жанрлары секілді эстраданың да өзіндік ерекше әсем әуені, көңілге қонымды қойылымдары қалыптасты. Өзіндік бітім-болмысын тауып, адам баласының мәдени қорына қомақты үлес қосып, рухани құндылықтың алтын қорын жасады. XIX ғасырда түп тамыры алғаш көктеп, бәйшешек атқан эстрада өнері өзінің даму үдерісінде сан алуан ағымдар мен иірімдерді әкеліп, қазіргі гүлденіп жайнаудың жаңа дәуіріне жетті.

Эстрада өнерінің ата-тегі мен алтын тамыры, ежелгі дәстүрі – халықтық мейрамдардан, би және пантомимодан, түрлі тартымды қойылымдар мен таңдаулы көріністерден нәр алып, XVIII ғасырдың соңында дербес өнер ретінде Латын Америкасында пайда болған. Эстрада – классикалық және қазіргі заманғы деген екі топтан тұрады. Оның өзін концерттік, театрлық және мерекелік деген үш бағытпен адамзат күні бүгінге дейін сәтті дамытып келеді.
XVI ғасырда Италияда оперетта, буффа және көше әртістерінің еншісіне айналған бұл думанды кезінде қазақ даласы да жатсынбаған.
Алтайдан Атырауға дейінгі құс қанаты талып жетер кең өлкені ен жайлаған қалың қазақтың көңілін көтеріп, думанға бөлеу міндеті сал-серілерге, ақын-жырауларға, биші-күйшілерге жүктелді. Олар өз кезегінде ойын-сауықтарын жиын-тойларда, жәрмеңке алаңдарында, бай-бағыландардың ордаларында өткізіп, халықтың жадында мәңгі сақталарлықтай артында өшпес із қалдырды. Жәрмеңкелерде сауда-саттықпен қатар, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің өнерпаздары мен спортшылары өнерлерін көрсетіп, мәдени шаралар өткізіліп тұрды. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, т.б. халық арасынан шыққан әнші, сазгерлер мен балуандар осы жәрмеңкелерде өз өнерлерімен халық көңіліне шаттық пен думан сыйлады.
Жәрмеңкелер қазақ даласында шаруашылықты дамытып, тұрмысты көтерумен ғана шектелген жоқ. Сонымен қатар, ұлттық өнер жауһарларын ел арасына кеңінен таратуға да өз үлесін қосты. «Жәрмеңке думаншылары» деген атаумен танылған ойын-сауық өнерпаздары халықтың көңілін көтеруді көздеді. Өз дарын-қабілеттерін көпке әйгілеуді ғана мақсат еткендері болмаса, жеке пайдаларын, қалтаның қамын көздемеді. Тапқырлық пен төзімділік, мергендік пен батырлық, саятшылдық пен серілік, шешендік пен алғырлық секілді қасиеттер үнемі алға шығарылып отырылды. Шешендік айтыстарда ел мүддесін қорғаған, би-болыстарды шенеген, халық салтын мадақтаған сарын басым болды. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Үкілі Ыбырай, Әсет ақын, Иманжүсіп, Мәди, Ағашаяқ, Кемпірбай, Шөкей қыз, Майра Шамсутдинова секілді көптеген өнерпаздар ХІХ ғасырда халықтың ыстық ықыласына бөленді. Қазақ эстрада өнерінің негізі осылайша қаланып, бізге жетті.
1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың бастапқы кезінен әлем эстрада өнерінде елеулі бетбұрыс жасалды. 1960-жылдың басында Эльвис Пресли эстрада әуеніне өзгеріс әкеліп, Роккен Ролл жанрының пайда болуына түрткі болса, одан кейін танымал болған «Битлз» тобы поп стилін қалыптастырып, әлем эстрадасында өшпес із қалдырды.
Осылайша, адамзаттың рухани өміріне дендеп еніп, би, сазды әуен, ән, цирк, драма, әдебиет жанрларын өн бойына сіңірген ірі театр деңгейіне көтерілген, кейін мюзикхолл дәрежесіндегі де