Үкімет • 02 Наурыз, 2020

СІМ: Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік виза беруді тоқтатуы туралы ақпарат дұрыс емес

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік визаны беруді тоқтатуы туралы ақпараттың дұрыс емес екенін айтты. 

СІМ: Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік виза беруді тоқтатуы туралы ақпарат дұрыс емес

«Бастапқыда БАҚ-та жарияланған ақпарат дұрыс емес болды. Ондағы тізімде барлығы 7 ел болды. Шын мәнісінде, шектеу 21 елге қатысты болатын. Қазақстан 49 елдің қатарына кірген жеті елдің қатарында көрсетілді, бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясына келген соң әуежайда виза ала алады», — деді министрдің бірінші орынбасары.

Ш. Нұрышев қалған 14 елдің азаматтары алдымен визаны рәсімдеуге міндетті екенін, тек содан кейін ғана Сауд Арабиясына келуі керектігін айтты.

«Ақпарат дұрыс болмады, ол таралып кетті, бізде коронавирус таралып, шектеу содан жасалғаны тәрізді көрінді», — деп түсіндірді Ш. Нұрышев.

Сонымен қатар Шахрат Нұрышев қазақстандықтарды Иран мен Оңтүстік Кореядан эвакуациялау жоспарлары туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде Иранда Қазақстанның 170 азаматы, Оңтүстік Кореяда 34 600 жуық азаматы бар.

«Ираннан эвакуациялау мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ. Дегенмен, біздің Елшілік барлық азаматтармен жұмыс жасап жатыр. Ираннан елге оралғысы келетін жағдайда, олар қажетті көмекті көрсетуге әзір», — деді Ш. Нұрышев.  

2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқартылды.

«Рейстер саны 9-дан 3-ке дейін қысқартылды, бұл қайтуға ниет білдірген азаматтардың рейстерді пайдалана алуы үшін жасалды. Эвакуация – соңғы шара, сондықтан қайтуға ниет білдірген тұлғалар әзірге әлі де ұшып жатқан рейстермен елге орала алады», — деп түсіндірді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025