17 Тамыз, 2013

Мұражай мен телеарна қол алысты

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы мен Бірінші «Еуразия» арнасы әріптестік туралы меморандум қабылдады. Бұл құжатқа ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай мен Бірінші «Еуразия» арнасы бас директорының орынбасары Мұхтар Ерман қол қойды.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы мен Бірінші «Еуразия» арнасы әріптестік туралы меморандум қабылдады. Бұл құжатқа ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай мен Бірінші «Еуразия» арнасы бас директорының орынбасары Мұхтар Ерман қол қойды.

Астанада Ұлттық мұражайдың құрылысы әлі жүріп жатыр. Бұл бірегей жоба Астана тарихының мұражайы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, Қазақстан тарихы, алтын және заманауи өнер тарихы секцияларынан тұрады. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл ғажайып мұражай ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтайтын орын болмақ. Тұңғыш Президент күніне орай оның бір бөлшегі «Астана тарихының мұражайын» ашу жоспарланып отыр. Оның өзі, жалпы аумағы 14 мың шаршы метрден асатын, 14 залы бар үлкен ғимарат.

Қазақстан Республикасының Ұлт­тық мұражайы мен Бірінші «Еуразия» арнасы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында, «Халық тарих толқы­нында» бағдарламаларында көрсе­тілген базалық құндылықтарды жүзеге асыруға бағытталған әріптестікке уағдаласты.

Бірінші «Еуразия» арнасы еліміз аумағының 90 пайызына хабар таратады. Ол өзінің ақпараттық саясатында ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру, мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру мәселелерін басты назарда ұстайды. Арнаны дамыту стратегиясында қазақ тіліндегі хабарларға басымдық беру жағы да қарастырылуда.

«Егемен-ақпарат».