"Global destination cities index мәліметі бойынша, Алматыға келген шетелдік туристің бір күндік шығыны 245 доллар. Ал 5 мың турист қалада бес күн аялдайды десек, онда қаланың шағын және орта кәсіпкерлері осы уақытта 2 млрд теңге табыс табады. Тек қатысушы мемлекеттердің өздері атлетикалық ауылда тұру үшін 1 млн еуро алып келеді. Сонымен қатар Универсиада дирекциясының ұсынысымен қаладағы 8 қонақүйге туристер жатқызылады", - дейді Байбек.
Естеріңізге сала кетсек, Универсиада-2017 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.