«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 3 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман болады.
Ауа райы болжамының ықтималдылығы – 85-90 пайыз. Көкшетауда түнде және таңертең тұман сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 3 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.